Қайтару және кепілдік
KORǴAU компаниясы клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге және сатылған тауардың кепілдігіне толық жауап береді.
1. Қайтару құқығы
-
Сатып алынған тауарды алған күннен бастап 15 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болады.
-
Қайтару тек келесі жағдайларда қабылданады:
-
Тауар зақымданған болса;
-
Жұмыс істемейтін немесе ақауы бар болса;
-
Жеткізілген тауар тапсырыс берген модельге сәйкес келмесе.
-
2. Қайтару шарттары
-
Тауар толық жинақталымымен (қорабы, кабельдері, аксессуарлары) қайтарылуы тиіс.
-
Пайдалану іздері айқын байқалатын немесе механикалық зақым келген тауар қайтаруға қабылданбайды.
3. Қайтару процесі
-
WhatsApp немесе Email арқылы біздің қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз;
-
Жағдайды сипаттап, фото/бейнематериал ұсыныңыз;
-
Қайтару бекітілген соң, тауарды көрсетілген мекенжайға жібересіз;
-
Қайтарылған тауар тексерілгеннен кейін ақшаны қайтару немесе ауыстыру жүргізіледі.
4. Кепілдік
-
Барлық камералар мен тауарларға 1 жыл кепілдік беріледі.
-
Кепілдік мерзімі ішінде ақау шыққан жағдайда біз:
-
Тауарды тегін жөндейміз немесе
-
Жаңа тауарға ауыстырып береміз.
-
5. Кепілдік қолданылмайтын жағдайлар
-
Тауарды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде болған зақым;
-
Су немесе механикалық соққыдан пайда болған ақаулар;
-
Үшінші тұлға тарапынан жасалған жөндеу жұмыстары.
6. Байланыс
Қайтару және кепілдікке қатысты сұрақтар үшін:
📞 WhatsApp: +7 707 963 2125
✉️ Email: Kz_Camera_V380@outlook.com
📍 Қойма: Алматы облысы, Талғар ауданы, Лермонтова 52-4кв